Біз туралы


«Triera KZ» ЖШС - заманауи, көп бейінді, қарқынды дамып келе жатқан компания, ол көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандарды біріктіреді.
«Triera KZ» ЖШС Қазақстанның нарығында 7 жылдан астап уақыттан бері қызмет етіп келеді және осы жұмыс уақыты ішінде өзін өндіріс саласындағы сенімді әрі байыпты әріптес ретінде таныта білді.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:

  1. МСТ 20083-74 бойынша дайындалған жоғары сапалы малазықтық ащытқы, өндірісі.
    Малазықтық ащытқы – құнары жоғары ақуыздық қоспа, ол қоспа жем мен жемдік ақуыз қоспасын, сонымен қатар ірі қара мал, мамық жүнді аңдар, құстар және тіпті балықтар сияқты ауылшаруашылық жануарларының кез келген түрін қоректендіруге арналған қоспаларды өндіру үшін де қолданылады.
  2. ПВХ сэндвич тақталарын. өндіру.
    ПВХ сэндвич тақталары – үш қабатты құрылымға ие құрылыс элементі. Ішкі екі қабаты берік, қатты материалдан жасалған беттер болып табылады. Осындай бутербродтың ішіне XPS жылытқышы салынған. ПВХ сэндвич тақталары пластиктен терезе және есік құрастырмаларын, офистік арақабырғаларды дайындайтын (құрастыратын) кезде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар сэндвич тақталары терезе және есік жақтауларын өңдеу жұмыстары кезінде де кеңінен қолданылады.
  3. «Пятый элемент» сауда таңбасының дәретхана қағаздары мен қағаз орамалдарын өндіру.
    Үнемділік класына жататын «Пятый элемент» дәретхана қағазы МСТу Р 52354-2008 бойынша ағартқыш қоспай, МС-7 таңбалы макулатурасыдан өндіріледі. Премиум сегментіндегі «Пятый элемент» дәретхана қағазы 100% целлюлозадан өндіріледі. «Пятый элемент» қағаз орамалдары 100% целлюлозадан тұрады және ылғалға төзімді.

«Triera KZ» ЖШС командасы – клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуды және жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздейтін жоғары білікті қызметкерлер тобы.
Біздің компаниямыз заманауи және жоғары технологиялық жабдықты қолданады, бұл өнімнің жоғары сапасының және жұмыстарды белгіленген мерзімде орындаудың кепілі болып табылады

Бізбен жұмыс істеу нағыз ғанибет!