Біздің зауыт

жануарлардың ақуыздағы, минералды заттар мен дәрумендердегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы малазықтық ащытқыны шығарады, олар сіздің шаруашылығыңыздағы жануарлардың өнімділігін арттыруға, олардың өсімін жылдамдатып, дендерінің сау болуына көмектеседі

Малазықтық ащытқы

малдың күнделікті салмағына + 800 г.
бір тәуліктегі майлылығы 0,6% сүтке + 4 л.
жылына + 210 тал жұмыртқа
құс еті + 3 кг.
сонымен қатар малдың төзімділігін арттырып, мал басының өлім-жітімін азайтады

Пайдасы

Сиырлардың, жылқылардың, қойлардың, ешкілердің, қаздардың, аққулардың, күркетауық пен тауықтардың ағзасындағы құрамдас бөліктердің тапшылығын жою үшін малазықтық ащытқыларды пайдалану керек, олар жануарлардың ақуыздағы, минералды заттар мен дәрумендердегі тұтыныстарын қанағаттандыру үшін толыққанды өнім болып табылады. Ащытқының құрамына ақуыздар (≈50%), көмірсулар (≈15%), майлар (≈3%), экстразивті азотсыз элементтер (22-ден 40%-ға дейін) мен күл (шамамен 5-11%) кіреді.

Қорекке триптофан, метионин, лейцин, валин, лизин, тирозин, треонин, аргинин, гистидин, изолейцин және басқа да көптеген амин қышқылдарын енгізу малазықтық ащытқының басты артықшылығы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, малазықтық ащытқыны пайдаланатын болсақ, өзге тағамдық азықтардың биологиялық құндылығы мен қорытылуын оңай арттыруға болады.

Пайдалылық деңгейі бойынша біздің бұйым барлық белгілі биоқоспаларды, сонымен қатар балық пен сүйек ұнын орап әкетеді. В тобындағы дәрумендердің мол көлемі амин қышқылдарын жылдам сіңіріп, ақуызды ағзаға синтездеуге, ал эргостерин ультракүлкін сәулелерінің әсерінен D2 дәруменін жинақтауға мүмкіндік береді.

Күл де құрамындағы фосфор, күкірт, темір, кальций, натрий, калий, магний, мыс, кобальт және т.б. макро- және микроэлементтердің жоғары құрамының арқасында аз рөл атқармайды.

Малазықтық ащытқыны пайдаланар алдында мамандардың ұсынымы бойынша мал мен құстарды олармен табиғи түрде тамақтандырмау керектігін есте сақтау керек. Жан-жақты және тиімді қоректендіру бұл өнімнің дәрумендік-ақуыздық қоспа түрінде ғана қолданылатынын болжайды. Осы жағдайда ғана қалаулы нәтижеге, яғни салмақты арттыруға, бордақылау кезеңін қысқартуға, жануарлар өндіретін азық-түліктің көбірек санын алуға, оңай буазданып, төлденуіне, дені сау ұрпағының дүниеге келуіне, жалпы иммунитетін арттыруға қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар балықты, ұсақ мамық жүнді жануарларды (үй қояндарын, қояндарды, шиншиллаларды және т.б.) қолдан жасанды көбейтетін кезде, сонымен қатар омарта шаруашылығында да өз қолданысын табатынын атап өту керек.

Қолданылуы

Малазықтық ащытқылармен бұзауларды, ірі қара малды, құстарды, жылқыларды және т.б. қоректендіруге болады. Ащытқылар бұзауларды тамақтандыратын кезде тұтас сүт нормасының 20-30% ауыстыра алады және күнделікті 650-750 грамм салмақ қосуды қамтамасыз ете алады. Бұзау өсіретін кезде 1 кг ащытқы 4-6 кг сүтті алмастырады және қосымша 320 грамм бұзау етін алуға мүмкіндік береді. Ащытқы сауылатын сүт көлемін тәулігіне 3-3,5 л-ға, ал ондағы майдың құрамын 0,4-0,6%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Малазықтық ащытқы мамық жүнді аңдарға таптырмайтын қорек болып табылады, ол ет жемін 30%-ға ауыстырады. Аң өсіретін фермаларда ащытқымен жүйелі түрде қоректендіру жануарлардың түрлі ауруларға қарсыласуын арттыруға және жүндерінің сапасын айтарлықтай ұлғайтуға алып келді.

Ащытқы жылқылардың желе жортуын және төзімділігін арттырып, олардың шаршағыштығын азайтады.

Құс шаруашылығында малазықтық ащытқыны пайдалану ерекше тиімді есер береді. Құстар В дәрумендер кешенін қамтитын ақуыздық жемді аса қажет етеді. Әсіресе құстарды торда қамап ұстаған кезде, сонымен қатар балапандарды өсіретін кезде ащытқы аса қажет. Малазықтық ащытқыны рационға жемнің жалпы салмағының 5% көлемінде қосқан жағдайда, бұл мекиен тауықтардың жұмыртқалағыштығын 25- 40%-ға (тауықтың тұқымына байланысты), 10%-нан - 28-51%-ға арттырады. Тауықтарға берілген бір килограмм ащытқы қосымша 30-40 жұмыртқадан артық алуға мүмкіндік береді. 2011 жылдан бастап малазықтық ащытқыны пайдаланып келе жатқан Таранов құс фабрикасында (Қостанай обл.) тауықтардың жұмыртқалағыштығы жылына 150-ден 210-ға дейін өсті. Сондай-ақ 1 кг ащытқы қосымша 2,5-3 кг құс етін алуға мүмкіндік береді.

Малазықтық ащытқы балықты қолдан жасанды көбейтетін кезде, сонымен қатар ерте көктемде араларды қосымша қоректендіру үшін омарта шаруашылығында сәтті қолданылып келеді.

Малазықтық ащытқының құрамында таптырмайтын амин қышқылдарын толық көлемде қамтитын протеин бар, сондықтан олардың биологиялық құндылығы да аса зор. Ащытқыны қолданғаннан кейін жануарлар жемді және басқа да азықтарды толығымен қорытып, бұл олардың қарқынды өсіміне және жемді үнемдеуге алып келеді.

Сапасы

Малазықтық ащытқының сапалық көрсеткіштері аккредитацияланған меншікті зертханада олардың МСТ 20083-74 талаптарына, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігіне қатысты үздіксіз бақыланып отырады. Зауытқа оларды Қазақстанда, Ресей Федерациясының өңірлерінде, алыс және жақын шетелдерде сату құқығына ветеринарлық куәлік берілген. Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринарлық бақылау қызметі берген сәйкестік сертификаты бар.

Байланыстар

Біздің кез келгенімізбен хабарласа аласыздар:

Пирог Игорь Анатольевич
Бас директор
8­(71455)­25910
8­(7142)­391706
info@triera.kz
Vip887

Хасенова Елена Кайдаровна
Қаржылық директор
8­(71455)­25910(ішкі 103)
8­(7142)­391706(ішкі 103)
 +7­7710949497
E_xasenova@triera.kz

 

Ткачук Лариса Анатольевна
Сату бөлімінің бастығы
8­(71455)­25910(ішкі 108)
8­(7142)­391706(ішкі 108)
 +7­7055391706
25910@triera.kz

 

Аблаева Айжан Жумашкеновна
Сату жөніндегі менеджер
8­(71455)­25910(ішкі 102)
8­(7142)­391706(ішкі 102)
 +7­7710949919
003@triera.kz

 

Байдак Юрий Алексеевич
Логист
8­(71455)­25910(ішкі 102)
8­(7142)­391706(ішкі 102)
 +7­7711902900
logist@triera.kz

 

Бекишева Зара Райхановна
Технолог
8­(71455)­25910(ішкі 109)
8­(7142)­391706(ішкі 109)
 +7­7711902900
001@triera.kz

 

 

Соловьёва Юлия Андреевна
Офис-менеджер
8­(71455)­25910
8­(7142)­391706
 +7­7710949497
568895@triera.kz

 

Матершова Марина Владимировна
Бухгалтер
8­(71455)­25910(ішкі 107)
8­(7142)­391706(ішкі 107)
 +7­7711901915
004@triera.kz